Жапония Орталық банкі теріс пайыздық мөлшерлемені азайтты

Фотография - Жапония Орталық банкі теріс пайыздық мөлшерлемені азайтты

Жапонияның Орталық банкі теріс пайыздық мөлшерлемені 0,1%-ға төмендету туралы шешім қабылдады.

487 0

Жапонияның Орталық банкі теріс пайыздық мөлшерлемені 0,1%-ға төмендету туралы шешім қабылдады.

Бұл меже қаржы институттарының ағымдағы есепшоттарына 1 ақпаннан бастап енгізілетін болады. Осы шараны енгізу үшін Банк кеңесінің 5 мүшесі жақтап, қалған 4-еуі қарсы дауыс берген. Осылайша билік инфляцияға мақсатты көрсеткіштерді 2%-ға жеткізуді көздеп отыр. Жапония банкі егер қажеттілік туындаса, теріс мөлшерлеме деңгейін одан ары да төмен түсіретінін мәлімдеді. Сонымен қатар ақша қорын көбейту үшін мемлекеттік облигациялар мен құнды қағаздарды сатып алынуы мүмкін.

Харухико Курода, Жапония Орталық банкінің басшысы:
- Қытай мен дамушы елдерде дағдарыс күшеюі мүмкін. Олардың даму бағыты белгісіз күйде қалып отыр. Осындай құбылмалы ахуал әлемдегі қаржылық жағдайдың тұрақсыздықтан арыла алмай отырғанын білдірсе керек. Жапония банкі осы жайсыз жайттардың алдын алуды көздейді.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!