Азия қор биржасында өсім байқалды

Фотография - Азия қор биржасында өсім байқалды

Сарапшылар пікірінше, бұған Жапония банкінің пайыздық мөлшерлемені төмендетуі әсер еткен.

422 0

Сарапшылардың айтуынша, бұл көрсеткішке Жапония ұлттық банкінің ел экономикасын жандандыру үшін пайыздық мөлшерлемені төмендетуі әсер еткен.

Оған қоса қара алтын құнының аз да болса қымбаттауы себеп болды, дейді сарапшылар. Жалпы алғанда ақпан айының алғашқы күні Токио биржасының көрсеткіші 1,2 пайызға, ал Оңтүстік Кореялық Пусан биржасы 0,5 пайызға көтерілген. Алайда мамандар аз ғана өсім тұрақтылықтың кепілі емес екенін ескеріп, Қытайдың жалпы ішкі өнім көрсеткіштерін күтуде.

24.kz.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!