Иранның тоғыз банкі SWIFT жүйесіне қайта қосылды

Фотография - Иранның тоғыз банкі SWIFT жүйесіне қайта қосылды

Иранның тоғыз банкі SWIFT – Банктер арасындағы халықаралық есеп айырысу жүйесіне қосылды.

242 0

Иранның 9 банкі SWIFT – Банктер арасындағы халықаралық есеп айырысу жүйесіне қосылды.

Қаржы ұйымдарының арасында елдің Орталық банкі бар. Мұндай мүмкіндік Тегеранмен келіссөз жүргізуші «алтылық» елдердің өкілдері қол қойған ядролық келісімшарттың арқасында туындап отыр. Жаңа құжат 16 қаңтардан бастап күшіне енген. Аталған келісімшарт бойынша, Иран ядролық бағдарламасын жүргізу барысын біршама бәсеңдетуі тиіс. Естеріңізге сала кетейік, халықаралық қауымдастық тарапынан санкциялар 2012 жылы енгізіліп, 30-ға жуық Иран банкі SWIFT жүйесінен шығып қалған болатын.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!