Ұлттық банк төрағасы валюта бағамына қатысты қауесетке сенбеуге шақырады

Фотография - Ұлттық банк төрағасы валюта бағамына қатысты қауесетке сенбеуге шақырады

Дегенмен, еліміздің бас қаржыгері әзірге АҚШ ақшасының бағамына қатысты нақты түйін жасай алмайтынын мойындады.

369 0

Доллар бағамы 520 теңгеге бір-ақ көтеріледі деген ватсап желісі арқылы тараған қауесет жалған. Қарапайым халық білгір-сымақтардың болжамдарына нанбауы тиіс деп хабарлайды Отырар арнасы.

Бүгін Шымкентке арнайы сапармен келіп, журналистермен кездесу өткізген ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев осылай деді.

Дегенмен, еліміздің бас қаржыгері әзірге АҚШ ақшасының бағамына қатысты нақты түйін жасай алмайтынын мойындады. Алайда, ол қазір мемлекеттегі барлық сату операцияларының ұлттық валютада жүргізілуіне күш салып жатқанын ашық мәлімдеді.

Күні кешеден бері электронды саудадағы тауар бағаларын доллармен емес, төл теңгемен көрсетуге міндеттелген ереже күшіне енді.

Одан бөлек банктердегі ұлттық валютамен салынған депозиттердің сыйақысы 14 пайызға ұлғайған. Данияр Ақышев мемлекет тарапынан тағы бірқатар тетіктердің алдағы уақытта қолға алынатынын мәлімдеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!