Мұнай бағасының аздап өскені байқалады

Фотография - Мұнай бағасының аздап өскені байқалады

Бүгін Сингапур, Гонконг, Оңтүстік Корея, Индонезия, Малайзия, Филиппин және Тайвань биржалары мереке күндеріне байланысты жабық болды

266 0

Мұнай бағасы сәл болса да қымбаттады. VTI маркалы қара алтынның баррелі 31,23 доллармен сатылып, 1,12%-ға көтерілді.  

Ал Солтүстік теңізде өндірілетін Brent маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстерінің құны 1,16%-ға артып, баррелі 34,45 долларға бағалануда. Сарапшылардың айтуынша, бағаның өсіміне Азия және Тынық мұхиты аймағындағы елдердің Шығыс күнтізбесіне сай Жаңа жыл мерекесін тойлап, сауда-саттыққа қатыспауы себеп болған. Бүгін Сингапур, Гонконг, Оңтүстік Корея, Индонезия, Малайзия, Филиппин және Тайвань биржалары мереке күндеріне байланысты жабық болды. Тіпті Қытай биржасы жаңажылдық мереке күні апталап жабылуы мүмкін деп күтілуде.


Baq.kz


Тегтер:

Мұнай бағасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!