Бүгін Азия биржаларындағы сауда құлдыраумен басталды. Бұған Еуропалық банктер жағдайының нашарлауы себеп болуда. Гонконг пен Оңтүстік Корея биржаларында көрсеткіштер 1%-дың үстінде төмендесе, Жапонияда ол тіпті түсіп кетті. Иена бағамының өскеніне қарамастан Nikkei көрсеткіші 15 минуттың ішінде 4,5%-ға құлдилады. Бұл соңғы 16 айдың ішіндегі ең төмен көрсеткіш. АҚШ-та да жағдай осыған ұқсас. Онда биржалар жұмыс күнінің соңында құлдырады. Оған елдің қаржы, өнеркәсіп және шикізат саласындағы теріс өзгерістер әсер етті. Мұнайдың бағасы да мәз емес. WTI бренді 1,5%-ға, ал Brent қара алтыны 0,11%-ға арзандады. Бірақ алтын бағасы, керісінше 4,31%-ға өсті, деп жазды 24.kz.
Комментарии
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
Отправить