Мұнай бағасы көтерілді

Фотография - Мұнай бағасы көтерілді

Мұнай бағасы 5%-ға қымбаттады.

304 0

Азия қор биржасында WTI маркалы қара алтынның баррелі 30,89 доллардан саудаланса, Brent маркалы мұнай 34,60 доллар көлемінде бағалануда. Оған ОПЕК-тің ұйымға мүше емес мұнай өндіруші елдермен келісімге келіп, құлдыраған қара алтын құнын қайта көтеруге деген ұмтылысы себеп болған.

Осыған байланысты бүгін ОПЕК пен Ресей шенеуніктері Катар астанасы Дохада кездесіп, жағдайды реттемекші. Жиынға Сауд Арабиясы, Нигерия және Венесуэла елдерінің өкілдері де қатысады. "Велес Капитал" инвестициялық компаниясының сарапшылары ОПЕК-тің осы отырысынан кейін қара алтын құны барреліне 40 доллардан да қымбаттауы мүмкін деген болжам айтуда.

24.kz

Тегтер:

Мұнай бағасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!