947

Қазақстан уран экспорттаудан көш бастады

Бұдан бөлек, еліміз АҚШ пен Франция нарығына ең ірі уран тасымалдаушы тізімінде
Фотография - Қазақстан уран экспорттаудан көш бастады

Қазақстан табиғи уран экспорттаудан көш бастады. Еліміз 2015 жылдың қорытындысы бойынша 23800 тонна уран өндірген. Бұл туралы "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясына сілтеме жасап Алматы телеарнасы хабарлады.

Бұдан бөлек, еліміз АҚШ пен Франция нарығына ең ірі уран тасымалдаушы тізімінде.  Компания 2015 жылы ЕVА көрсеткішін 15,4 млрд теңгеге жақсартқан. Бүгінгі таңда компания өндірісін арттырып, қуат көзін үнемдеу арқылы өндірістің өзіндік құнын 16,4 млрд теңге қысқартыпты.