Қазақстан Даму Банкінің кредиттік портфелі 2015 жылы 20 пайызға артты

Фотография - Қазақстан Даму Банкінің кредиттік портфелі 2015 жылы 20 пайызға артты

Теңге бағамының әсерін есептемегенде, өсімнің нақты көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда 20 пайызды құрады - Жәмішев

254 0

2015 жылы Қазақстан Даму Банкінің кредиттік портфелі 20 пайызға артты, деп хабарлады ҚДБ басқарма төрағасы Болат Жәмішев.
"Барлық жоспарлы көрсеткіштерге (2015 жылы) қол жеткізілді. Атап айтқанда, кредиттік портфель мөлшері жоспарланған 943 миллиард теңгеден асып, 1,5 триллион теңгені құрады. Теңге бағамының әсерін есептемегенде, өсімнің нақты көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда 20 пайызды құрады", — деді Жәмішев брифинг барысында.
Бұл ретте, банктің активіндегі кредиттік портфелі 62 пайыздан 68 пайызға артқан. "Бұндай нәтижеге негізінен былтырғы жылы 42 жобаны жалпы сомасы 280 млрд теңгеге қаржыландыру туралы шешімнің арқасында қол жеткізілді", — деп түсіндірді ҚДБ басшысы. 
Оның айтуынша, 2014 жылы 226 млрд теңгені құрайтын 14 жоба ғана қаржыландырылған болатын. Бұдан бөлек, былтыр банк 50 миллион долларды құрайтын кепілдемелерді де шығарды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!