Қытай нвесторлары жаппай алтын сатып алуда

Фотография - Қытай нвесторлары жаппай алтын сатып алуда

Дағдарыс кезінде алтын құнын жоғалтпайды

512 0

Өйткені өткен жылы дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметі бойынша сары металл құны біршама тұрақты болған. Демек, дағдарыс кезінде алтын құнын жоғалтпайды. Былтыр бұл елде бағалы металға деген сұраныс 2%-ға артқан. Сарапшылар 2016 жылыда девальвация қысымы мен Қытай биржаларының құбылуы алтынға деген сұранысты арттырады деп болжайды. Қытай жаңа жылы алтын құнының қымбаттауымен басталды. Осы аптада бағалы металдың грамы Шанхайда 340 юаньға дейін жетіп, 5%-ға өскен. Бірақ бұл сатып алушыларға кедергі болған жоқ.

Ли Уэйхуа, тұтынушы:
 - Өзіме алқа алсам деп едім баға өсіп кетіпті. Бірақ қазір алмасам, қымбаттай беретін түрі бар.

Уен Шуэ, сатушы:
- Халыққа негізінен осы жылдың символы мешін түріндегі әшекейлер ұнап жатыр. Білезік, сырға, алқалар жақсы өтті, ал қазір алтын құймаларына сұраныс артты. Біздегі сатылым көлемі өткен жылға қарағанда 30%-ға өсті.

Өткен аптада халықаралық нарықта алтын құны 7%-ға көтерілді. Бұл – 2008 жылдың желтоқсанынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Ал жыл басынан бері бағалы металл 16%-ға қымбаттаған. Сарапшылар сары металға деген сұраныстың артуын әлем экономикасындағы тұрақсыздықпен байланыстырады.

Су Жунь, Бейжің технология және бизнес университетінің профессоры:
 - Экономиканың құбылуы мен курс бағамының өзгеруі халықтың валютаға деген сенімсіздігін тудырып отыр. Мұнай бағасының да төмендеуі кезінде сенімді сақтау көзі алтын екені даусыз. Қытайда "бейбіт күндері құнды зат жинасаң, қиын-қыстау заманда алтын жина" деген ұлағатты сөз бар.

Осылайша қытайлық инвесторлар Шанхай мен Шэньчжэндегі қор биржаларындағы сенімсіздіктен соң алтынды жөн санайды. Нарықтың парқын білетін сарапшыларға сенсек, сары метал бағасы жыл соңына дейін унциясы 1300 АҚШ долларына дейін көтеріледі.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!