ҚР Үкіметі 2016 жылға арналған ЖІӨ өсімі болжамын 0,5 пайызға дейін төмендетті

Фотография - ҚР Үкіметі 2016 жылға арналған ЖІӨ өсімі болжамын 0,5 пайызға дейін төмендетті

Мұның алдында өсім 2,1 пайызды құрайды деп болжанған

294 0

ҚР Үкіметі елдің 2016 жылға арналған жаңа әлеуметтік-экономикалық болжамын бекітті, деп жазады Today.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Сонымен бірге ведомствода республиканың 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын жасауға кіріскенін де айта кетті.

"Келесідей параметрлерді өзгерту ұсынылуда: есеп курсын мұның алдында қарашада бекітілген 300-ден 360 теңгеге дейінгіден өзгертеміз, мұнайдың орташа жылдық бағасын өзгертеміз – оларды халықаралық қаржы ұйымдарының, инвестициялық банктердің болжамына сәйкес төмендетеміз, бареліне 40 доллардан 30-ға дейін", - деп болжады ҚР ҰЭМ басшысы Ерболат Досаев.

Сондай-ақ, ЖІӨ өсімі бойынша да болжам түзетілмек – егер мұның алдында мұнай бағасы 40 доллар кезінде ол 2,1 пайызды құрайды делінсе, мұнай баррелі 30 доллар болады деген болжам бойынша ЖІӨ өсімі 0,5 пайыз ғана болады деп күтілуде. Министрлік бұл жағдайға қарамастан Қазақстан экономикасы оңды қалыпта деп сендірді.

Сонымен бірге тау-кен және өңдеу саласында өндіріс көлемі төмендейді деп болжануда. Ал, ҚР Ұлттық банкінің болжамы бойынша, инфляция бұрынғы деңгейде – сегіз пайызға дейнгі дәлізде қалады. Өсім ауылшаруашылығы саласында болады – 3,5 пайыз.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!