Биыл 77 миллион тонна мұнай өндіреміз – Энергитка вице-министрі

Фотография - Биыл 77 миллион тонна мұнай өндіреміз – Энергитка вице-министрі

Вице-министр сондай-ақ алдағы егін науқаны кезінде дизельді отынның бағасы 80 теңге көлемінде болатынын айтып отыр.

291 0

Қазақстан биылғы жылы 77 миллион тонна мұнай өндіруді көздеп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Энергетика вице-минитрі Әсет Мағауов айтты.

"Биылғы жылы бір баррелі 40 доллар көлемінде болатын 77 миллион тонна өндіруді жоспарлап отырмыз.Бірақ нарықта бағаның төмендеп жатқанын жақсы білеміз. Сондықтан мұнай өндіру көлемін 3 миллион тоннаға азайтуымыз мүмкін. Егер мұнайдың бір баррелі 30 доллардан төмен болса, онда 74 миллион тоннамен шектелуге тура келеді", - дейіді Ә. Мағауов.

Вице-министр сондай-ақ алдағы егін науқаны кезінде дизельді отынның бағасы 80 теңге көлемінде болатынын айтып отыр.

"Өткен жылы 300 мың тонна дизельді отын егістікке қажет болған еді. Біздің министрлік барлық шығындарды есептеп қойды. Дизельді отынның бір литрін 80 теңгеден жөнелтуді көздеп отырмыз. Жеткізу шығындарымен әр литрі 85 теңгеден аспайтын болады", – дейді ол.

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!