2016 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлері өзгерді

Фотография - 2016 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлері өзгерді

Министірдің айтуынша, Үкімет алдағы уақытта қор қаржысын сақтап қалуға ниетті.

141 0

Үкімет әлеуметтік-экономикалық болжамдарды ескеріп, биылғы республикалық бюджетке өзгерістер енгізді. Мемлекет қараша айында 300 теңге деңгейінде бекіткен валюта айырбасы бағамын 360 теңгеге көтерді. Ал мұнай құны баррелін, керісінше, 40 шартты бірліктен 30-ға дейін деген есеппен төмендетті. 

Алайда мұндай қадамдарға қарамастан, Ұлттық қордан экономиканы сауықтыруға қосымша қаржы алынбайды. Министірдің айтуынша, Үкімет алдағы уақытта қор қаржысын сақтап қалуға ниетті.

Фото -

Кепілдендірілген қаржыландыру шеңберінде, заңға сәйкес бұрын бөлінген ақшаның қосымша 15 пайызын алу мүмкіндігі бар. Бірақ біз одан бас тарттық. 360 теңге айырбас бағамымен 8 миллиард доллар бар. Басқа шығындар қаралмаған. Ұлттық қорды сақтауға қызмет етеміз. "Бюджеттің жаңа жобасы әзірленгеніне қарамастан, елдің ЖІӨ көрсеткіші табысты, ал инфляция деңгейі қалыпты болады", - дейді министр. Мемлекет экономиканы әртараптандыру саясаты бойынша да қатаң үнемдеу режиміне көшпек. Досаевтың сөзінше, Қазақстан диверсификациядан бас тартпағанымен, кей жобаларды қаржыландыруды қайта қарайды. Әрине, осыдан 2-3 жыл бұрынғы жоспарларымыз әлдеқайда батыл еді. Бірақ бүгін республикалық бюджет пен Ұлттық қордан бөлінген қаражат көлеміне қараймыз.

"Ал зейнетақы қорынан мемлекет мұқтаждығына алынған қаржының тиісті жұмсалуына және оның қайтарылуына жалғыз Ұлттық банк емес, тұтас Үкімет жауапты", - деді Ерболат Досаев. Айта кетейік, мемлекет басшысының шешімімен аталған қордан екінші деңгейлі банктерге 200 миллиард теңге бөлу қаралған. Алайда ақша бәріне бірдей таратылмайды. Тек Ұлттық банк қоятын талаптарға сай келетіндері ғана алады. Министрдің айтуынша, ол талаптар бекітілді, жақын арада Ұлттық банк оны жариялайды.

astanatv.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!