Қытай валюта қорының құбылуы қалыпты жайт - ҚХР ұлттық банкі

Фотография - Қытай валюта қорының құбылуы қалыпты жайт - ҚХР ұлттық банкі

Қорға қажетті сомада ақша жиналғанда біртіндеп төмендеуі заңдылық

462 0

Қытайдың валюта резервінің құбылуын қалыпты жағдай деп қабылдау керек. Бұл туралы Шанхайда өтіп жатқан Үлкен жиырмалық елінің қаржы министрлері мен бас банкирлері бас қосқан жиында Қытай Орталық банкінің директоры Чжоу Сяочуань мәлімдеді.

Соңғы уақытта юань бағамын ұстап тұру үшін Қытайдың ұлттық қорынан қомақты қаржы жұмсалып жатыр. Тек өткен жылы желтоқсан айында елдің валюта резерві 107,9 млрд долларға кеміген. Бас банкирдің айтуынша, бұл –қалыпты жағдай. Өйткені қорға қажетті сомада ақша жиналғанда біртіндеп төмендеуі заңдылық. Сондай-ақ 1990 жылдары Қытай валюта резервінде тапшылық сезілгенімен, 2000жылдан бастап тиісті қордың түсімі үздіксіз өсіп отырған.

Чжоу Сяочуань, Қытай Ұлттық банкі басшысы:
- Сол кезде біз валюта резервінің өсуін тым тез, ал көлемі шектен шығып бара жатыр деп санаған едік. Үлкен жиырмалық та сол кезде өзінің құжатында бұл жағдайға ерекше тоқталып, кейбір елдердің экономикалық дамуы мен ұлттық қорының өсуі сәйкес келмейді деп алаңдаушылық білдірген болатын.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!