Ұлттық қордан 2016 жылға арналған трансферт 2 трлн 880 млрд теңгені құрайды

Фотография - Ұлттық қордан 2016 жылға арналған трансферт 2 трлн 880 млрд теңгені құрайды

"ҚР Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға кепілдендірілген трансферт туралы" ҚР заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасы қарастырылды.

407 0

ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында "ҚР Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" ҚР заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасы қарастырылды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Аталған заң жобасы 2016 жылға арналған Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін түзетуді көздейді. АҚШ долларының 360 теңгемен есептелген бағамы ескеріле отырып, 2016 жылға арналған Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері 2 трлн 880 млрд теңге сомасында белгіленді. 2016 жылғы белгіленген Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері Ұлттық қордағы қаражаттың ЖІӨ-нің болжамды мәнімен 30% мөлшерден төмендемейтін қалпы бойынша шарттың орындалуын қамтамасыз етеді", – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, комитет отырысында ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында "2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қарастырылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!