Ақышев қазақстандықтарға қаржысын "50 де 50" қағидасы бойынша сақтауды ұсынды

Фотография - Ақышев қазақстандықтарға қаржысын "50 де 50" қағидасы бойынша сақтауды ұсынды

50 пайызын ұлттық валютада, ал екнші жартысын шетелдік валютада

632 0

Теңге бағамы құнсыздануы да, көтерілуі де мүмкін жағдайда, Ұлттық банк тұрғындарға қаржысын 50 де 50 қағидасы бойынша сақтауға кеңес береді. Мұндай ұсынысты Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев сенаттағы сөзі барысында айтты, деп жазады Today.kz.

Ақышевтің нақтылауынша, қаражаттың 50 пайызын ұлттық, ал келесі 50 пайызын шетелдік валютада сақтаған жөн. Сонымен бірге ол, депозиттерді теңгемен салу тартымдылығы күшейіп келе жатқанын да айта кетті.

"Қазір қандай динамика барын көріп отырсыздар: теңге күшеюі де мүмкін, құнсызданып кетуі де мүмкін. Бұл жағдайда инвестициялау бойынша дұрыс саясат – қаржыны екі бірдей бөлікке бөлу: жартысын ұлттық валютада, ал екінші жартысын егер адамдар қауіптенсе шетелдік валютада сақтасын. Бұл қалыпты стратегия, қаржыны ең нәтижелі күйде сақтауға мүмкіндік береді", - дейді Ұлттық банк басшысы.

Сонымен бірге, 1 ақпаннан бастап Ұлттық банк жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері сыйақысының максималды көлемін 10-на 14 пайызға дейін ұлғайтқан, ал шетелдік валютадағы депозиттерді – керісінше екі пайызға дейін төмендеткен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!