Қазақстан экономикасына Словакия инвестиция құймақ

Фотография - Қазақстан экономикасына Словакия инвестиция құймақ

Словакия Қазақстанның перспективалық әріптесі

539 0

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словак Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" заң қабылданды.  

Келісімге 2007 жылы Братислава қаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Словак республикасына ресми сапары барысында қол қойылды. ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев атап өткендей, бұл құжат екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуына ықпал етіп, өзара инвестицияларды ынталандыруға үлкен мүмкіндіктер береді және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытады.

"Словакия Қазақстанның перспективалық әріптесі. Біз бірлесіп жұмыс істейтін бағыттарды атап өтсек, олар - құрылыс, аграрлық сектор, жеңіл, азық-түлік және ағаш өңдеу саласы. Келісімнің күшіне енуі Қазақстан экономикасына жаңа словак инвестицияларын тарту үшін маңызды құқықтық негіз болады", - деді Ә.Исекешев.


Baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!