Сарапшылар сайлаудан кейін доллар бағамы неге тәуелді боларын айтып берді

Фотография - Сарапшылар сайлаудан кейін доллар бағамы неге тәуелді боларын айтып берді

Көптеген қазақстандықтар сайлаудан кейін доллар бағамы шарықтайды деген ойда

524 0

Қазақстандықтардың "қаржылық саулығы" тәуелді болып келетін доллар бағамы сайлауға емес, мұнай бағасына байланысты өзгереді. Today.kz тілшісі жинақтаған мамандар пікірін осылай жалпылауға болады.

"Слова, которые изменили Казахстан" кітабының авторы Евгений Кочетов доллар құны 500 теңгеге бармайтынына кәміл сенімді. Бұған негіз жоқ және ұллттық валютамыз кейінгі кезде тұрақтанып келеді дейді ол. Бұл өз кезегінде Ресей мен өзге де ірі экспорттаушы елдердің көмірсутекті шикізат өндіру көлемін шектеу келісімінің арқасында болды. Дегенмен, бәрі де өзгеруі мүмкін.

"Иран мұнай көлемін өндіруді арттыру үшін санкцияның алынуын ғана күтіп отыр. Бұл өз кезегінде мұнайдың арзандауына алып келеді. Бұған байланысты теңге де құлдырауы мүмкін. 2015 жылдан бері теңге рубльден тез құнсыздануда. Бұл жақсы, өйткені, тауар өндірушілеріміз бәсекелік артықшылыққа ие болады. Бірақ, рубльде мұнай бағасына тәуелді. Сондықтан теңге бағамының құлдырау немесе тұрақтану мүмкіндігі теңбе тең", - дейді Кочетов.

Макроэкономикалық зерттеу орталығының басшысы Олжас Құдайбергенов әріптесімен келіседі. Оның пікірнше де барлығы мұнай бағасына тәуелді. Сондықтан доллар бағамының ары қарай өзгеруіне болжам жасағысы келмейді.

Мемлекет доллар бағамын парламент сайлауы алдында арнайы ұстап тұр деген қауесеттің ешқандай негізі жоқ дейді Құдайбергенов.  

Қазақстандықтардың қалтасына әсер етуші факторлар доллар бағамына ғана тәуелді ма? Financial Freedom қоғамдық қорының құрылтайшысы Расул Рысмамбетов, олай еместігін айтады. Ол инфляция сияқты маңызды көрсеткішті де атап өтті. Американдық валюта тұрақты тұрса да біздің пайдамыз тауарларға, азы-түлік пен қызмет көрсету саласындағы бағалардың өсуінен "желініп" қалады.

Рысмамбетов, мұндай кезде үкіметтің әдетте ел экономикасында ликвидтілік жетіспейді деген шешімге келетінін еске салды. Ол кезде Ұлттық банк экономиканы қозғалту үшін теңгені көптеп басып шығара бастайды.

Сарапшылардың айтқан пікірлерінен бір ой туады: экономика болшағына мұнай бағасы немесе инфляция үлкен рөл атқара ма, бізде жаңарған парламент бола ма, жоқ па, әйтеуір, дағдарыс осы жылы аяқталмайтыны анық.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!