Өткен жылы "ҚазМұнайГаздың" мұнай өндiрiсi 1% артқан

Фотография - Өткен жылы "ҚазМұнайГаздың" мұнай өндiрiсi 1% артқан

Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" АҚ-ның басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлiмдедi

317 0

Өткен 2015 жылы "ҚазМұнайГаз" АҚ-ның мұнай өндiрiсi 1%-ға ұлғайған. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында "ҚазМұнайГаз" АҚ-ның басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлiмдедi .  

"Егер, өткен жылдың қорытындысы жайында айтар болсақ, онда ҚазМұнайГаз мұнай өндiру көлемiн 1%-дан астам көрсеткiшке ұлғайтты. Сондай-ақ, мұндай өндiру жоспары толық орындалды. Өздерiңiз бiлетiндей, республикада бiрқатар төмендеулер бар. Алайда, ҚазМұнайГаз бойынша мұндай төмендеу орын алған жоқ. Өткен жылы қаржылық көрсеткiштер де жаман болған жоқ", - дедi С.Мыңбаев.
Ұлттық компанияның баспасөз қызметi ұсынған ақпаратқа сәйкес, магистральдiк құбыр желiлерiмен мұнай тасымалдау көлемi 61 001 мың тоннаны құраған. Ал, магистральдiк газ құбырларымен газ тасымалдау көрсеткiшi 102 750 млн. текше метрге жеткен.


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!