Былтырғы жылы Қазақстанда газ өндірісі бес пайызға артқан

Фотография - Былтырғы жылы Қазақстанда газ өндірісі бес пайызға артқан

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Ғалым Нұрғазиев айтты.

838 0

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Ғалым Нұрғазиев айтты.  

"2015 жылы газ өндірісі 43,2 миллиард текше метрді құрады. Бұл 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5 пайызға артық. Сондай-ақ экспорт көлемі де өсті. Яғни экспортқа шығарылған газ көлемі өткен жылы 12,7 миллиард текше метрді құрады", – дейді Ғ.Нұрғазиев.

Департамент директоры соңғы 5 жылда энергетикада инудустрияландыру бағдарламас төңірегінде ауқымды жұмыстар жүргізілгенін айтты.

"Мемлекет басшысының "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты жолдауында айтылған "Бейнеу-Бозой-Шыскент" газ құбырының құрылысы жүргізіліп жатыр. "Қазақстан – Қытай" магистралды газ құбырының үшінші тізбекті бөлігі қолданысқа енгізілді. Қазақстанда газ саласын дамыту жүйелі бағдарламалық құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. 2014 жылы ҚР Энергетика министрлігі мемлекетті газдандырудың бас схемасы және газ секторын дамытудың концепциясын жасап, бекітті. 2030 жылға қарай газдандыру деңгейі қазіргі 7-ден 10 миллион адамға дейін арттырылатын болады. Республикаының 1600-ден астам елді мекені газбен жабдықталады», – дейді ол.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!