Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы жақсы дамуда

Фотография - Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы жақсы дамуда

2016 жылы Темір ауданынның ауыл шаруашылығы саласы 12 млрд теңгенің өнімін өндірді

327 0

Бұл туралы "Ақтөбе ақпарат" орталығында өткен баспасөз конференциясында Темір ауданының әкімі Бауыржан Қаниев хабарлады.

Оның айтуынша, 2015 жылы ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемі 11 млрд. 797 млн. теңгені құрады, оның ішінде 9,6 мың тонна ет, 23,7 мың тонна сүт өндірілді. Салаға 104 млн теңге инвестиция тартылды, өндірушілерге субсидия ретінде 148,2 млн. теңге көлемінде мемлекеттік көмек көрсетілді.

"Сыбаға", "Алтын асық", "Құлан" бағдарламалары аясында жоспар жүз пайыз орындалды, сәйкесінше, ірі қара, ұсақ мал, жылқы басын айтарлықтау көбейту мүмкін болды. 1785 бас ірі қара мал бордақылау цехтарына тапсырылды, 15 тонна ет экспортқа шығарылды. Ауданда жылына 40 тонна өнім шығаратын шұжық цехын, 90 тонна өнім өндіретін 2 сүт өңдеу фермасын ашу жоспарланып отыр. Жобалар Ақсай ауылдық округі мен Темір қаласында жүзеге асырылады. Жыл басталғалы шағын бордақылау алаңдарын, сүт фермаларын, шағын жылыжай, шұбат өндіретін цехтар мен қоян фермасын ашу жөнінде түсіндіру жұмыстары басталды", - деді Темір ауданының әкімі.

Нақтырақ айтқанда, 11 округтің әрқайсысында шағын жылыжайлар ашып, бау-бақша өнімдерін өсіру үшін 20-30 гектар жер бөлу қарастырылып отыр.

Сонымен бірге, осы жылы Ақсай ауылдық округі мен Темір қаласында екі ауыл шаруашылығы өндірісі кооперативтерін ашу жоспарланып отыр. ӘКК мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, бордақылау алаңдарын құру және дамыту мәселелерімен айналысады.

Жааалпы алғанда, ауданда 1555 кәсіпкерлік қызмет субъектісі тіркелген, оның 1519 белсенді жұмыс жасауда. 2015 жылы ауданда 36 жаңа бизнес-жоба жүзеге асырылды, жергілікті кәсіпкерлер өз бизнестерін ашу және кеңейту үшін 91 млн 800 мың теңге көлемінде несие алды.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!