Ақышев 2016 жылға Қазақстандағы инфляция жайында болжам жасады

Фотография - Ақышев 2016 жылға Қазақстандағы инфляция жайында болжам жасады

Жыл соңында, инфляция сегіз пайыздан аспайды.

613 0

2016 жылы инфляция бәсеңдеп, жыл соңына дейін 8 пайыздан аспайды, яғни белгіленген дәлізге қайтып оралады. Бұл туралы "Корпоративтік басқару: Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына тың көзқарас" ұлттық форумы барысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz. 

"Осы сәтті пайдаланып, қаржы нарығындағы соңғы үрдістер жайында аз-кем баяндағым келіп отыр. Биыл Ұлттық банктің негізгі күш-жігері инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталады. Ұлттық банктің бағамдауынша, осы жылы инфляция бәсеңдеу сипатқа ие болады және жыл соңына дейін 8%-дан аспайды. Яғни Ұлттық банк пен үкімет белгілеген дәлізге қайтып оралады", - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ Ұлттық банк басшысы 2016 жылдың 14 наурызында базалық мөлшерлеме көлемі 17 пайыз деңгейінде сақталғанын айтты.

"Біздің пікірімізше, оны төмендету үшін әзірге қажетті жағдай қалыптасқан жоқ. Әлемдік мұнай нарығында бағаны тұрақтандыру белгілері әлі күнге дейін тұрақсыз сипатқа ие, жылдық инфляция деңгейі әлі де жоғары", - деп толықтырды Д.Ақышев.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!