Азық-түлік бағасы наурызда жылдық мағынада 12,7% өскен

Фотография - Азық-түлік бағасы наурызда жылдық мағынада 12,7% өскен

Бұл туралы ҚР ҰЭМ статистика комитеті хабарлайды.

451 0

Қазақстанда азық-түлік бағасы наурызда жылдық мағынада 12,7% өскен деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитетінен.

2016 жылғы наурызда 2015 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға қантқа 41,8%, май және тоң майға – 24,5%, кофе, шай және какаоға – 23,3%, балық және теңіз өнімдеріне – 21,1%, нанға – 20,3%, кондитерлік өнімдерге – 18,5%, тоқаш және ұн өнімдеріне – 16,7%, жармаларға – 15,8%, жемістер мен көкөністерге – 15,1%, макарон өнімдеріне – 13,3%, алкогольді ішімдіктерге – 11,4%, ұнға – 9%, сүт өнімдеріне – 7,3%-ға өсті.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 4,1%-ды құрады. Шұжық өнімдеріне баға деңгейі 9,7%, құс етіне – 6,8%, сиыр етіне – 2,1%, шошқа етіне – 1,4%, қой етіне – 0,8%, жылқы етіне – 0,2%-ға жоғары болды.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!