"Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің" 200 мыңдай салымшысы өтемақысыз қалуы мүмкін

Фотография - "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің" 200 мыңдай салымшысы өтемақысыз қалуы мүмкін

Келісім жасасу үрдісі белгіленген жоспардың жартысын ғана құрайды

626 0

Бүгінгі күні "Құрылылсжинақбанкімен" тек 110 мың салымшы ғана өтемақы төлеу туралы қосымша келісімге қол қойған. Бұл жалпы депозиттердің 20 пайызы ғана, деп жазады Today.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мұның алдында хабарланғандай қосымша келісімге қол қою 2016 жылдың 8 ақпанында басталған. Процедураға бөлінген 114 күнді есепке алғанда, күніне орташа 4096 адам келісім жасасу керек болған. Алайда, қазіргі уақытта бір күнде өтініш берушілер саны орташа акөрсеткіш бойынша екі жарым мыңнан аспайды, деп нақтылады банктен. Бұл үрдіспен 200 мың салымшы банкпен келісім жасасып үлгермейді.

Қазіргі кезде 1 миллион теңгеден кем жинағы бар 352 860 салымшы және 1 миллионан астам жинағы бар 26 515 салымшы келісімге қол қоймаған. Осы себепті өтемақыға бөлінген қаржыдан 21 миллиард теңге қозғаусыз тұр.

"Осыған байланысты салымшыларға белгіленген мерзімде банкпен қосымша келісім жасасу қажет. Процедураны онлайн-режимде электронды-сандық қолтаңбаны пайдалана отырып www.egov.kz порталында немесе банктің ресми www.hcsbk.kz сайтында орындау керек", - деп еске салуда баспасөз қызметі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!