Ақышев теңге бағамына болжам жасайтын сарапшыларға қатысты пікірін білдірді

Фотография - Ақышев теңге бағамына болжам жасайтын сарапшыларға қатысты пікірін білдірді

Ұлттық банк басшысының ойынша, сарапшы білікті болса, сандарды атай қоймайды

671 0

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев теңге бағамын біресе көтеріледі, біресе құлдырайтынын болжайтын түрлі сарапшылар туралы пікірін айтты, деп жазады Today.kz.

"Ешкім пайғамбар емес, оны бәріміз білеміз. Осыдан кейін мұндай сарапшыларды бағамдай беріңіз. Егер сарапшы білікті болса, сандарды атамайтыны белгілі. Мұны айтқызбайтын біліктілік. Ал бағамды санмен болжайтындар бағаның құрылу мәселесінен ештеме түсінбейді, немесе қате пікірде, я болмаса басқа ойы бар", - дейді Ақышев.

Оның пікірінше, нарықта не болып жатқанын түсіндіре алатын адамдар сарапшы болу керек.

"Қаржы нарығында, банктерде жұмыс тәжірибесі, біліктілігі бар сарапшылар көбірек болған жөн. Сонымен бірге, айтқан сөзі үшін жауапкершілік болғаны да жақсы еді. Біз – обьективтілік үшін", - деп нақтылады қаржы реттеуші басшысы.

"Банкирлермен сөйлесе отырып менің айтатыным: "Сіздерде сараптамалық бөлімшелер, ақпараттық мықты команда, зерттеуші құрылым бар ма, неге сіздің өкілдеріңіз пікірін білдірмеске? Біз бұны қош көреміз". Бұған жауап болады деп үміттенемін. Бір кездері Ұлттық банктен де, өзге банктерден де ақпарат мүлдем болмай қалған. Менің ойымша, осы салада мамансыз ба, пікіріңізді білдіре жүріңіз. Осы кезде сарапшының банк өкілі екені, оның артында ресурстың бары, пікірдің аяқасты айтыла салмағаны, берік негізі бары білінеді. Бізде дәлелді пікірталасқа дайынбыз", - дейді Ұлттық банк төрағасы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!