Қазақстанда ең төменгі күнкөріс шегі 20 431 теңгені құрайды

Фотография - Қазақстанда ең төменгі күнкөріс шегі 20 431 теңгені құрайды

Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды

798 0

2016 жылғы наурызда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 20 431 теңгені құрады, деп хабарлайды Статистика комитетінің баспасөз қызметі. 

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2016 жылғы наурызда өткен аймен салыстырғанда 0,3%, 2015 жылғы наурызбен – 7,4%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 17,9%, жемістер мен көкөністерді – 9,9%, нан және жарма өнімдерін – 8,6%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,6%-ды құрады.

Әдіснамалық түсініктемелер
Ең төменгі күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!