Доллар бағамы 345 теңгеге таяп қалды

Фотография - Доллар бағамы 345 теңгеге таяп қалды

Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 14 мүшесі қатысты.

611 0

Қазақстан қор биржасында (KASE)  Т+0 теңге есебімен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, T+0 теңге есебімен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және  T+0 АҚШ доллары есебімен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, Т+0 теңге есебімен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. KASE таңертеңгілік сессиясында доллар 344,92 теңгені құрады, деп хабарлайды BNews.kz.

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 14 мүшесі қатысты.

T+0 теңге есебімен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 344,92 теңгені (-0,60 теңге), ал сауда-саттық көлемі – 13 000 мың АҚШ долларын (-52 250 мың USD) құрады.

T+1 теңге есебімен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Т+0 АҚШ доллары есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

T+0 теңге есебімен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне сұраныс бір юаньға 53,2100 теңгені (-0,12000 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі – 300 мың юаньді (-200 мың юаньді) құрады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!