Энерготиімділікті арттыруда шетелдік тәжірибелерден үлгі алу керек - Исекешев

Фотография - Энерготиімділікті арттыруда шетелдік тәжірибелерден үлгі алу керек - Исекешев

Энерготиімділікті арттыру үшін 2019 жылға дейін 100-ге жуық әлеуметтік нысан жаңғыртылады.

279 0

Энерготиімділікті арттыру үшін 2019 жылға дейін 100-ге жуық әлеуметтік нысан жаңғыртылады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.

"Ұлт жоспарының" 59-қадамында энерготиімділікті арттыру көзделген. Министр бизнес нысандарында және бюджеттік мекемелерде, оның ішінде балабақша мен мектептер, ауруханалар мен көшелерді жарықтандыру кезінде энергияны үнемдеу үшін шетелдік тәжірибені қолдануды ұсынып отыр. Осы мақсатта 44 әлеуметтік нысан іріктеліп алынған. Оның 19-ы бойынша жоба-сметалық құжат дайын. Ал жөндеу жұмыстары биыл қолға алынбақ. 2019 жылға дейін энергия тиімділігін арттыру жобаларына 100 млн доллар инвестиция тартады.

Әсет Исекешев, ҚР Инвестициялар және даму министрі:
- Қазақстандағы энергия тиімділігін дамыту жоспарына сәйкес биылдан бастап энергия тиімділігі көрсеткіштерін цифрландыру басталады. Мемлекеттік энергетикалық мәліметтерді жинау, өңдеу және сараптауды қоса алғанда жүргізілетін энергия аудиті мен энергия тиімділігі картасын цифрландыру көзделген. "Ұлттық энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы даму институты" энергия ресурстарын пайдалану бойынша ақпараттарды жинау және өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде 6 мыңнан астам субъект арнайы тізімге енгізілген. Оның ішінде 3 мыңға жуығы энергия аудитін жүргізуге міндетті. Бұдан басқа 2016 жылы еуропалық ЭСКО компаниясын тарту жұмыстары да жалғасады.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!