Таиланд компаниялары Алматыға инвестиция бөлуге дайын

Фотография - Таиланд компаниялары Алматыға инвестиция бөлуге дайын

Алматы әкімі Б.Байбек тұрақты даму жөніндегі Азия – Тынық мұхит Форумына қатысты.

210 0

Алматы қаласының әкімі Б.Байбек бастаған қазақстандық делегация Таиланд корольдігінде болып қайтты. Сапар барысында Таиланд бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен, туризм және спорт министрі К.Ваттанаврангкулмен, Бангкок губернаторы С.Парибатрамен, ЭСКАТО-ның атқарушы директоры Ш.Ахтармен кездесулер өтті. Б.Байбек "Қалалардың ашықтығын, қауіпсіздігін, өмірге деген тұрақтылығын, экологиясын жақсартуды қамтамасыз ету: өңірлік әлеуеттер мен мүмкіндіктер" атты Азия-Тынық мұхит Форумының сессиясына да қатысты, деп хабарлайды BNews.kz.

Алматы қаласының әкімі Туризм және спорт министрімен кездесу кезінде мегаполистің туристік және экономикалық потенциалы туралы айтып берді. Өз кезегінде Туризм және спорт министр К.Ваттанаврангкул Таиланд Қазақстанмен екі жақты ынтақтақтастықты дамытуға және екі ел арасында туристер санын арттыруға ниетті екендігін айтты.

"Біз Таиланд туристері үшін Қазақстанның есігін ашқымыз келеді. Сондықтан визалық процедураларды азайтып, топтық туристік визаларды беру мәселесін қарастырамыз. Туризм бизнесті дамытып, инвестиция тартуға жол ашады", - дейді К.Ваттанаврангкул.

Алматы әкімі Б.Байбек тұрақты даму жөніндегі Азия – Тынық мұхит Форумына да қатысты.

Форумға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Б.Байбек Алматының тұрақты әлеуметтік дамуы мен қала тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту – бірінші кезектегі міндет екендігін айтты.

"Біз экология, энергетика, таза ауыз су және сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуде қарқынды жұмыс істеудеміз, қала мен оның тұрғындарын түрлі келеңсіздіктерден қорғаудың нақтылы жолдарын іздестіріп жатырмыз", - дейді Б.Байбек.

Әкім "Алматы-2020" Бағдарламасының алғаш рет көпшіліктің талқылауынан өткендігін, оның инклюзивті, қауіпсіз және тұрғындар үшін жайлы қала қалыптастыруға бағытталғандығын айтты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!