Қазақстандық банктер ипотеканың тиімсіз екендігін айтып отыр

Фотография - Қазақстандық банктер ипотеканың тиімсіз екендігін айтып отыр

Бүгінгі таңда банктердің негізгі проблемасы – қарыз алушылардың төлем қабілеттілігінің күн санап төмендеуі.

166 0

Қазақстандық банктер ипотеканы алып тастауы мүмкін. Халық банкі басқарма төрағасының орынбасары Марат Әлменовтің айтуынша, мұндай қадамға банктерді халықтың төлем қабілеттілігінің төмендеп кетуі итермелеп отыр, деп хабарлайды BNews.kz.

"Коммерциялық банктерге ипотекалық кредит ұсыну бүгінде тиімсіз болып қалды. Пәтер сатып алу үшін 20-30 жылға несие алып, оны ай сайын үлкен сомамен өтеп отыру қазақстандық қарыз алушылар үшін қиынға соғады. Оның үстіне жылдық 20% - бұл өте қымбат", - деп түсіндірді Әлменов Kapital.kz  іскерлік ақпарат орталығына берген сұхбатында.

Халық банкі басқарма төрағасының орынбасары атап өткендей, бүгінгі таңда банктердің негізгі проблемасы – қарыз алушылардың төлем қабілеттілігінің күн санап төмендеуі.

"Халықтың бүгінгі төлем қабілеттілігі қандай деңгейде, осыған бір көз жүгіртсек, көңіл көншітерлік дәнеме жоқ. Төлем қабілеттілігі төмендеп кеткен, жалақы азайды. Кейбіреулері дағдарысқа байланысты төрт сағаттық жұмыс күніне ауысты", - дейді ол.

Сұхбат барысында айтылғандай, Қазақстанда ипотека талаптары күшейтілуде және банктердың пайымынша – бұл өте дұрыс қадам. Соған қарамастан елде қарыз алушылардың құқығы жақсы қорғалған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!