Солтүстік Қазақстанда өсімдік майын өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр

Фотография - Солтүстік Қазақстанда өсімдік майын өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр

Аталған бастама өсімдік майын егетін алқаптар мен өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

440 0

Солтүстік Қазақстан облысында өсімдік майын өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BNews.kz.

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы секторына стратегиялық инвесторлар тарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында СҚО Тайынша қаласында қытайдың трансұлттық "Айцзю" компаниясының өкілдерімен өсімдік майын өндіру мен өңдеу мәселесі бойынша кездесу өтті. Аталған бастама өсімдік майын егетін алқаптар мен өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Мәжіліске ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, облыс әкімдігі, "НҰХ" ҚазАгро" АҚ және "Атамекен" ҰКП-ның өкілдері қатысты.

Қытайдың "Айцзю" трансұлттық компаниясы СҚО-да өсімдік майын өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Жобаның құны шамамен 58 млн. доллар болады. Зауыт жылына 80 мың тонна өсімдік майын шығарады.

Еске сала кетейік, осы жылдың наурыз айында Қытайға 2 мың тонна өсімдік майы экспортталған болатын. Болашақта жыл сайын 200 мың тонна май экспорттау жоспарланып отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!