Бес жыл ішінде кәсіпкерлер 15 триллион теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған

Фотография - Бес жыл ішінде кәсіпкерлер 15 триллион теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған

Қылмыспен күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында Бас прокурор Асхат Дауылбаев мәлімдеді.

292 0

Соңғы бес жылда кәсіпкерлер 15 триллион теңгеден артық қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған. Бұл туралы жалған кәсіпкерлікке қарсы шараларды қарастырған Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және Қылмыспен күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында Бас прокурор Асхат Дауылбаев мәлімдеді.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері Қаржы мониторингі жөніндегі салалық комитеттің күмәнді мәмілелер мен қаржылық операциялар туралы материалдарды жинақтау және талдау бойынша жұмыстарының тиімділігі төмен екенін атап көрсетті. 

"Құзіретті орган өткен жылы тек жалпы сомасы 2,6 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырмақ болған 106 күдікті операцияны тоқтатқан, ал осы кезеңде қылмыстық істердің материалдары бойынша ғана есеп-шоттардан 136 млрд теңге алынған", – делінеді Бас прокуратураның ақпаратында.

Екінші дәрежелі банктердің ішкі бақылау жүйелерінің қызметі де көңіл көншітпейді. Соңғы бес жылдың ішінде кәсіпкерлер 15 триллион теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған. Бұл ретте екінші дәрежелі 28 банктің 8-і ғана капиталды көлеңкелі айналымға жіберуге қатысты күдікті келісімдер жөнінде құзыретті органдарға хабар берген.

Бас Прокурор экономика саласындағы қылмыстардың үлкен қоғамдық қауіптілігі қаржыны теріс пайдаланудың жолын кесуге және оларды болдырмауға бағытталған кешенді әрі нақты үйлестірілген жұмыстар жүргізуді талап ететінін атап көрсетті.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!