Қазақстан мен Польша арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Фотография - Қазақстан мен Польша арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Тараптар сауда серіктестігі және жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жоспарларын бекітті

312 0

2016 ж. 14 сәуірде Варшавада Қазақстан-Польша экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысы өтті. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко басқарып барған қазақстандық делегацияның құрамына "Kaznex Invest" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ, "Астана" халықаралық қаржы орталығы, "ҚазАТО" халықаралық автокөлікпен тасымалдаушылар одағы және басқа мүдделі ұйымдардың басшылары кірді.

Қазақстан-Польша арасындағы экономикалық, индустриалды-инновациялық және аграрлық ынтымақтастықты дамытудың келешегі, көлік және логистика, туризм, экология, тұрғын-үй және өндіріс салаларындағы жаңа мақсат-мұраттар, поляк бизнесінің ҚР-дағы жекешелендірудің екінші кезегіне қатысу қызығушылығы Комиссия отырысының негізін қалап, оның күн тәртібін айқындады.

Тараптар сауда серіктестігі және жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жоспарларын бекітті. Отырыс шеңберінде поляк компаниялары және ұйымдарының қатысуымен бизнес-семинар өтіп, оның барысында ҚР экономикалық саясатының құралдары, соның ішінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік, "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрме және "Астана" халықаралық қаржы орталығы бойынша таныстырылымдар өткізілді.

Р. Василенко Қазақстан-Польша іскерлік ынтымақтастығын қарқындатудың құқықтық және практикалық негіздеріне тоқталып, 2016 ж. 1 мамырдан уақытша күшіне енетін ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ "100 нақты қадам" Ұлт жоспары шеңберіндегі Үкіметтің міндеттері мен басымдықтары жөніндегі ақпаратпен бөлісті.

Комиссияның тең-төрағалары Р. Василенко мен Польшаның Даму вице-министрі Радослав Домагальски-Лабендзки 2016-2017 жылдар ҚР-дың ДСҰ-ға мүше болуына байланысты бірқатар басымды екіжақты жобаларды дамыту және іске асыруда, Қазақстанның ЭЫДҰ-ға мүше болуы және әлемнің ең дамыған 30 мемлекеті қатарына кіру бойынша белгіленген мақсаттар мен міндеттер, Польшаның "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысуы және басқа бірлескен жобалар үшін ерекше мәнге ие болатынын атап өтті.

Поляк тарапы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуі, жүйелік реформаларды іске асыру мен еуропалық және халықаралық қаржы-экономикалық құрылымдармен ықпалдастығын жоғары бағалап, Астана экономикалық форумына жоғары деңгейлі үкіметтік делегациясы қатысатынын айтты. Поляк серіктестері ПР Үкіметінің "ЭКСПО-2017" көрмесіндегі Польша ұлттық секциясының комиссарын тағайындағанын және Астанадағы көрме шеңберінде баламалы энергия қорлары саласындағы озат технологияларымен таныстыратынын ресми түрде хабарлады.

Польша Қазақстанмен 1,35 млрд. АҚШ доллары тауарайналымы бар Орталық Еуропадағы негізгі сауда-экономикалық серіктесі. 70 пайыздан астам Польшаның Орталық Азиямен сыртқы саудасы біздің еліміздің үлесінде (соңғы 15 жыл ішінде екіжақты сауда көлемі 10 есе артты). ПР Үкіметтік бағдарламасында еуразиялық кеңістік мемлекеттері арасынан және Бразилия, Канада, Түркия мен Алжир тәрізді экономикалық ықпалдастық тұрғысынан маңызды елдер қатарында Қазақстанды басымды экономикалық нарық ретінде бекіткен.

Қазақстандық делегацияның Варшаваға сапары шеңберінде Р. Василенконың Польшаның сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары Марек Жюлковскиймен кездесуі өтіп, оның барысында өзекті екіжақты және халықаралық мәселелер бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасу орын алды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!