Іскерлік климат қолайлығынан Ақтөбе Астанаға ғана жол беріп тұр

Фотография - Іскерлік климат қолайлығынан Ақтөбе Астанаға ғана жол беріп тұр

Әкімшілік реттеу, мемлекеттік қолдау, жылжымайтын мүлік, адам және қаржылық ресурстар секілді 5 негізгі критерий бойынша бағаланады.

544 0

Бұл туралы бизнес-омбудсмен Болат Палымбетовтың қатысуымен өткен Аймақтық Кәсіпкерлер кеңесінің отырысында "Атамекен" ҰКП қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Ербол Өстеміров хабарлады.

ҰКП негізгі бағыттарының бірі әкімшілік кедергілер мен кәсіпкерлердің заңды мүддесін жүзеге асыруға кедергі болатын жүйелі мәселелерді шешу болып саналады.

Кәсіпкерлер үшін қолайлы бизнес-ортаны анықтау бойынша тиімді құрал ретінде жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысына баға беретін "Іскерлік климат" рейтингі қолданылады. Әкімшілік реттеу, мемлекеттік қолдау, жылжымайтын мүлік, адам және қаржылық ресурстар секілді 5 негізгі критерий бойынша бағаланады.

ҚР ҰЭМ экономикалық зерттеулер институты жүргізген зерттеу көрсеткіштеріне сүйенсек, 2015 жылдың қорытындысы бойынша қолайлы бизнес-орта қалыптастыру жөнінен Ақтөбе облысы Астана қаласынан кейін 2-ші орынға жайғасқан.

Ербол Өстеміров әкімшілік кедергілерді жою бойынша ҰКП тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде хабарлады. Оның айтуынша, аймақтарда анықталған кәсіпкерлердің барлық жүйелі мәселелері Мәселелер Реестрінде жинақталады. Екі жылдың ішінде оған 371 жүйелі мәселе туралы мәлімет ілігіп, 249-ы шешімін тапты. Кейбір мәселелерді шешу үшін заңдар мен құқықтық актілерге өзгеріс енгізу керектігін ескерсек, ҰКП заңдарға 1100-ден астам түзетулер енгізді, оның 850-і мақұлданды.

ҰКП қатысуымен дайындалған заңдар бірқатар бизнес мәселелерін шешуге және әкімшілік кедергілерді жоюға өз үлесңн қосты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!