Қазақстанда 25 сәуірден бастап т/ж билеттері 10%-ға қымбаттайды

Фотография - Қазақстанда 25 сәуірден бастап т/ж билеттері 10%-ға қымбаттайды

Соңғы рет темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау тарифі екі жылдан астам уақыт бұрын, 2014 жылдың қаңтарында 7%-ға көтерілген болатын.

322 0

Қазақстанда темір жол билеттері 10%-ға қымбаттайды деп күтіледі, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ шығындар мөлшерін азайту мақсатында және пайдалану шығындары құнының өсуіне байланысты темір жол көлігімен жолаушыларды облысаралық тасымалдау тарифтері 2016 жылғы 25 сәуірден бастап 10%-ға өсетіндігі туралы хабарлайды", — деп ақпраттандырады компанияда.

Соңғы рет темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау тарифі екі жылдан астам уақыт бұрын, 2014 жылдың қаңтарында 7%-ға көтерілген болатын.         

Сонымен бірге, "Тұлпар-Тальго" пойыздарында икемді тариф жүйесі, яғни билетті сатып алу мерзіміне қарай жеңілдіктер сақталады.

Қазіргі уақытта аталған пойыздарда билетті сатып алу мерзіміне (пойыздың жүруіне қанша күн қалғанына) байланысты  қосымша 40 пайызға дейін жеңілдіктер бар. Бұдан бөлек, әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында жолаушылардың кейбір топтарына арнайы жеңілдіктер беретін дисконтты карталар шығарылды. Мәселен, "Ардақты ана",  "Қамқор"  немесе "Ардагер+"  дисконтты картасына ие жолаушы күні бұрын билет алса, 70 пайызға дейін жеңілдікке қол жеткізе алады, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!