Әлемдік нарықта қара алтын құны төмендеді

Фотография - Әлемдік нарықта қара алтын құны төмендеді

Brent маркалы мұнайдың фьючерсі 42,76 долларға дейін арзандаса, WTI маркасы 41,13 долларға саудалануд

149 0

Бүгін әлемдік нарықта қара алтын құны тағы да төмендеді. Brent маркалы мұнайдың фьючерсі 42,76 долларға дейін арзандаса, WTI маркасы 41,13 долларға саудалануда. Сарапшылар бағаның құлдырауына мұнай өндіруші елдердің Дохада өткен кездесуде бір мәмілеге келе алмауы себеп деп отыр. Бірақ оның 40 доллардан төмен түспеуіне Кувейттің мұнай саласындағы қызметкерлердің ереуілдетіп, өндіріс көлемінің 60%-ға қысқаруы әсер еткен. Еске сала кетейік, 17 сәуірде мұнай өндіруші мемлекеттер Дохада кездесіп, қара алтын құнын тұрақтандыру үшін оны өндіру көлемін қысқартпақ болған еді. Бірақ тараптар мәмілеге келе алмады, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!