Қазақстан мен Испания арасындағы тауар айналымы 1,5 млрд АҚШ долларына жуықтады

Фотография - Қазақстан мен Испания арасындағы тауар айналымы 1,5 млрд АҚШ долларына жуықтады

Испаниядан Қазақстанға импорт 219 млн АҚШ долларын құраса, экспорт 1,2 млрд долларға тең.

314 0

Былтыр Қазақстан мен Испания арасындағы тауар айналымы 1,5 млрд АҚШ долларына жуықтады. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Испания бизнес форумында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының вице-президенті Нұржан Әлтаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Өткен жылы қос ел арасындағы тауар айналымы 1,5 млрд АҚШ долларына жақындады, аталған көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанла 47%-ға төмен болып шықты", - деп мәлімдеді ол.

Испаниядан Қазақстанға импорт 219 млн АҚШ долларын құраса, экспорт 1,2 млрд долларға тең.

"Айта кетсек, Қазақстан негізінен Испанияға мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттайды – бұл шамамен барлық экспорттың 90 пайызы. Испаниядан Қазақстанға келетін импорт құрылымында – ең алдымен, электрлі машина жабдығы, қозғалтқыштар, генераторлар бар, фармацевтикалық өнімдер  9,2%-ды алады, ҚТЖ мен Тальгоның бірлескен жобасы аясында жылжымалы теміржол құрамдары – 4,4%", - деп мәлім етті Н.Әлтаев.

ҚР ҰКП вице-президентінен нақтылағандай, "қара алтыннан" басқа Испания Қазақстаннан болат, мыс, тазартылған қорғасын импорттайды. Бұл өнімдердің Испания импортының жалпы көлеміндегі үлесі 5 пайыздан аспайды. Сондай-ақ Қазақстан Испания нарығына экологиялық жағынан таза ауыл шаруашылық өнімдерін, мәселен, бидай, жүгері, арпа және майлы дақылдарды тасымалдай алады.

Естеріңізге салып өтсек, Астанада Испания Корольдігінің сыртқы істер министрі Хосе Мануэля Гарсия-Маргальоның елімізге ресми сапары аясында Қазақстан-Испания бизнес форумы өтіп жатыр. Испандық бизнес-делегацияның құрамында құрылыс, қайта жаңартылатын энергия көздері, көлік, инфрақұрылым нысандары, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы секілді салаларда инвестициялар, технологиялар трансферті және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік деңгейінде ынтымақтасуға қызығушылық танытқан 20-дан астам компания бар. Қазақстан тарапынан ауыл шаруашылығы, құрылыс, сәулет, мұнай-газ өнеркәсібі, энергетика, авиация, әскери техника, сондай-ақ көлік саласына маманданған 90 компания қатысып жатыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!