"Самұрық-Қазынаның" 2015 жылғы таза пайдасы 30%-ға өсті

Фотография - "Самұрық-Қазынаның" 2015 жылғы таза пайдасы 30%-ға өсті

2014 жылмен салыстырғанда 30%-ға өскендігін байқатады.

837 0

"Самұрық-Қазына" АҚ мәліметтері бойынша, қордың 2015 жылдағы жинақталған таза пайдасы 304,8 млрд теңгені құрады. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 30%-ға өскендігін байқатады. Бұл туралы баспасөз мәжілісінде "Самұрық-Қазына" АҚ қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директоры, басқарма мүшесі Елена Бахмутова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Өткен жылғы пайда 30%-ға өсті.  Мұнайгаз сегментіне бағамның айырмашылығы оң әсер етті. Соның арқасында 392 млрд теңгедей кіріс кірді. Ал мұнай бағасының төмендеуі кері әсер етті", – деді Е.Бахмутова.

"Тау-кен өнеркәсібі сегментінде бағамның айырмашылығы оң әсер етті. Басқа сегменттерге келер болсақ, "Казатомөнеркәсіппен" байланысты аздаған құнсыздану болды. Энергетика саласында да көрсеткіш төмендеп, жағымсыз факторлар байқалып отыр", – деп тоқталды спикер.

Е.Бахмутованың айтуынша, өткен жылы қордың компаниялары мен топтары 666 млрд теңге салық төлеген.

"Өткен жылы қорға қарайтын компаниялар мен топтар  бюджетке сомасы 666 млрд теңге салық аударған. Сондай-ақ жалғыз акционерге 34,7 млрд теңге дивидент төленіп, 32,2 млрд теңгеге түрлі дивиденттер бөлінді", – деді Е.Бахмутова.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!