Қазақстан Ислам Даму Банкінің 300 млн. долларын су саласына тартпақ

Фотография - Қазақстан Ислам Даму Банкінің 300 млн. долларын  су саласына тартпақ

512 төтел қалпына келтіріліп, оларға бақылау камерасы қойылады, 270 суармалы каналдар және 50 пайдаланудағы көпір іске қосылады

172 0

Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша ислам ұйымы Бас Ассамблеясының құрылтай сессиясы барысында су шарушашылығы саласындағы екі жобаны іске асыру үшін мемлекеттік кепілдікпен Ислам даму банкінен қаржы тарту туралы келісімге қол қойылды. Жобалар ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсартуға және жерлерді суландыру жүйесін қалпына келтіруге бағытталады, деп мәлімдеді ҚР АШМ баспасөз қызметінен.

Алматы облысында (Еңбекші және Қарасай аудандары) сумен жабдықтауды жақсарту жобасын жүзеге асыру аясында 15 ауылдық елді мекендерде жалпы ұзындығы 680 км, оның ішінде 234 км тартылған құбырлар және 446 км су жабдықтау жүйесі, сонымен қатар қуаттылығы күніне 18,3 м3 су тазалау станциясын салу және қолданыстағы 6 құрғату төтелін қалпына келтіру жоспарланып отыр. Бөлінетін қаржы соммасы - 75,3 млн.доллар.

"Қазақстан Республикасында суландыру және кептіру жүйесін қайта құру жобасы" Алматы облысының бірқатар аудандарындағы аумағы 58 мың га жерлерді суару жүйесін қалпына келтіру және ОҚО-ның Мақтаарал және Шардара аудандарындағы 92,5 мың га топырақтың гидромелиоративтік жағдайын жақсартуды көздейді. Сонымен қатар, 512 төтел қалпына келтіріліп, оларға бақылау камерасы қойылады, 270 суармалы каналдар және 50 пайдаланудағы көпір іске қосылады. Жоба бағасы 235,5 млн. АҚШ долларын құрайды, БҰҰДМ қаржысы бірлесіп қаржыландыру мақсатында қолданылады.

Бұл жобалар су саласының бюджеттік тәуелділіктен кезең-кезеңмен босау және инвестициялық қызықтыруды жақсарту мақсатындағы реформалардың бір бөлігі болып табылады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!