Ұлттық банк: тұтынушылық несие алғандардың 60% астамы банктерден жасырынып жүр

Фотография - Ұлттық банк: тұтынушылық несие алғандардың 60% астамы банктерден жасырынып жүр

90 күннен астам төлеу мерзімін кешіктіріп алғандар 662 мың адамды құрап отыр.

753 0

Жеке тұлғаларды несилеудің жалпы көлемінде тұтынушылық несиелеу 49 пайызға жуық. 90 күннен астам төлеу мерзімін кешіктіріп алғандар 662 мың адамды құрап отыр.

Қазақстанда тұтынушылық несие алғандардың 60% астамы банктерден жасырынып жүр деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков.

"90 күннен астам кешіктерген тұтынушылық қарыздың жұмыс істемей отырған нарығының көлемі 272 млрд. теңгеге жуықтады. Осы қарыздарға қатысты сауықтыру рәсімдерін жүргізу қажет етеді",-деді Смоляков мәжіліс отырысында "Коллекторлық қызмет туралы" заң жобасын талқылау барысында.

Бұл ретте ол соңғы жылы халықтың шынайы табысы төмендеп отырғанын атап айтты.

"Қарыз алушыға қатысты борышкерлік салмақтың артқаны байқалады, ал екінші жағынан алып қарағанда, аталған қарыз алушылардың төлем жасауға бейімділігі де төмендеп келеді",-деп жалғастырды сөзін ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, жүргізілген талдауға сәйкес, борышкерлердің тек төрттен бірі қарызын өздеріне қатысты емес, яғни объективті себептер мен жағдайларға байланысты өтей алмай отыр.

"Мұндай жағдайларға асыраушысынан айырылу, нақты табыстың төмендеуі, ауруға шалдығу себеп болады. Дегенмен де, біздің есептеулер бойынша қарыз алушылардың басым бөлігі, яғни олардың 64 пайызы жай ғана жасырынып жүр. Олар жалған байланыс мәліметтерін көрсетіп, тұрғылықты жерлерін өзгертіп, несие берушісіне ақпараттарды бермейді", — деп қорытындылады сөзін Смоляков.

Оның мәліметінше, қарыз алғандардың шамамен 13 пайызы несие алу кезінде алаяқтық тәсілдерді пайдаланған немесе жалған табыс көздерін көрсеткен.

 newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!