Кеңес Рақышев Қазкоммерцбанктің директорлар кеңесін басқарды

Фотография - Кеңес Рақышев Қазкоммерцбанктің директорлар кеңесін басқарды

Бұл қызметте Рақышев мырза Марк Хольцманды алмастырады.

335 0

Қазкоммерцбанктің директорлар Кеңесі төрағасының лауазымына бұдан бұрын жоспарланғандай банктің ірі акционері және ҚКБ-нің директорлар Кеңесінің қазіргі мүшесі Кеңес Ракишев сайланды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

"Бұл қызметте Ракишев мырза Марк Хольцманды алмастырады. Марк Хольцман өз кезегінде ҚКБ директорлар Кеңесінің мүшесі ретінде өз жұмысын жалғастырып, банктің басқару органына төрағалық етеді", — деп атап көрсетілген баспасөз баянда. 

Қазкоммерцбанктің ірі акционері және директорлар Кеңесінің жаңа төрағасы Кеңес Ракишев банктің басқару органында болған соңғы өзгерістер жайлы өз пікірін білдірді: "Бүгінгі күні қаржы технологиялардың, сондай-ақ клиенттердің жаңа дағдысы мен сұраныстарының қарқынмен дамуы және күннен-күнге өсіп жатқан бәсекелестік қаржы қызметтерін көрсету саласында өзгерістерді белгілеуде. Нарықтың жаңа сұраныстарына дайын болу мақсатында тез арада өзгеріс жасай алатын жүйе құрушы банк үшін бұл өте маңызды. Мен үшін Қазкоммерцбанктің ірі акционері және директорлар Кеңесінің жаңа төрағасы ретінде банктің алдағы дамуына тікелей қатысатыным үлкен қуаныш және басқару ұжымының жаңа кәсіби мүшелеріне сәттілік тілеймін".

Банк басқармасының жаңа төрағасы болып сайланған Хольцман мырза өзінің жаңа қызметіне шет мемлекеттің азаматы ретінде жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан тиісті рұқсатты алған соң ғана кіріседі деп жоспарланған. Бұл уақытқа дейін 2016 жылғы 29 сәуірден кейін банктің басқарма төрағасының міндеттемелерін банктің басқару командасының жаңа мүшесі Абай Искандиров атқаратын болады. Бұған дейін Искандиров мырза "Қазкоммерцбанк" АҚ директорлар Кеңесі төрағасының кеңесшісі болған. Бүгін банктің директорлар Кеңесімен Искандиров мырза басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!