Алматы бюджетіне түзету енгізілді

Фотография - Алматы бюджетіне түзету енгізілді

"Алматы-2020" даму бағдарламасына сай әрі алматылықтардың әлеуметтік жағдайын және өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған.

366 0

Алматының 2016 жылға нақтыланған жергілікті бюджеті 380,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды BNews.kz.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс IV cессиясында қаланың Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Мақсат Қиқымов бюджет жобасы әлеуметтік негізделгенін атап өтті.

"Қабылданған бюджет "Алматы-2020" даму бағдарламасына сай әрі алматылықтардың әлеуметтік жағдайын және өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған», - дейді М.Қиқымов.

Жергілікті бюджет кірісінің артуы есебінен қосымша қаржы коммуналдық құрылымды модернизациялау, көлік жүйесін жақсарту, жол сапасын арттыру, жаңадан пайда болған ықшам аудандардың инфрақұрылымын қалыпқа келтіру, абаттандыру сияқты қалалықтардың өткір проблемаларын шешуге жұмсалады.

Алматы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қаладағы проблемалардың бірі – коммуналды инфрақұрылым жағдайы. Шаһардың жылу жүйесінің 65%-ы тозған, жүйені жедел модернизациялау қажет.  





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!