Қазақстанда 1,2 трлн теңгеге ақша мен мүлiк жария етілді

Фотография - Қазақстанда 1,2 трлн теңгеге ақша мен мүлiк жария етілді

Қазақстан азаматтары 81 мыңнан астам жылжымайтын мүлiктi, оның iшiнде 6 мыңға жуық коммерциялық объектiнi көлеңкеден шығарды.

214 0

Қазақстан азаматтары бүгiнге дейiн 1,2 трлн теңгеге ақша мен мүлiк жария еткен, деп хабарлайды Baq.kz.  

ҚР Қаржы министрлiгiнiң деректерiне сүйенсек, қазiргi уақытта мүлiк пен ақшаны жария етуге берiлген өтiнiштердiң сомасы 1,4 трлн теңгеден асты, оның 1,2 трлн теңгесi жария етiлдi. Атап айтқанда, Қазақстан аумағында орналасқан мүлiк бойынша 645 млрд теңге, ел аумағынан тыс орналасқан мүлiк бойынша 1,8 млрд теңге және 558 млрд теңге ақша заңдастырылған.

Қазақстан азаматтары 81 мыңнан астам жылжымайтын мүлiктi, оның iшiнде 6 мыңға жуық коммерциялық объектiнi көлеңкеден шығарды.

Айта кетсек, акция басталғалы өз мүлкiн жария ету үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға 86 мыңнан астам азамат жүгiнген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!