Қазақстанда төлем балансының тапшылығы I тоқсанда $0,9 млрд құрады

Фотография - Қазақстанда төлем балансының тапшылығы I тоқсанда $0,9 млрд құрады

Тауарлар импорты 2015 жылғы 1-тоқсанға қатысты 27,8%-ға қысқарып, 5,7 млрд. АҚШ долл. болды

294 0

Мұнай бағасының құлдырауы жағдайларында тауарлардың экспорты 2016 жылғы 1-тоқсанда 2015 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда 30,5%-ға төмендей отырып, 8,4 млрд. АҚШ долл. болды, бұл ретте мұнай және газ конденсаты экспортының құны 41,1%-ға қысқарды, ал қалған тауарлар бойынша экспорт 12,8%-ға қысқарды. 2015 жылғы 4-тоқсанға қатысты экспорт 16,7%-ға қысқарды.

Алдын ала бағалау бойынша 2016 жылғы 1-тоқсанда ағымдағы операциялар шотының тапшылығы 2015 жылғы 1-тоқсандағы 125 млн. АҚШ долларына тең теріс сальдомен салыстырғанда (-) 0,9 млрд. АҚШ долларын құрады деп хабарлайды ұлттық банктің баспасөз қызметінен.

Тауарлар импорты 2015 жылғы 1-тоқсанға қатысты 27,8%-ға қысқарып, 5,7 млрд. АҚШ долл. болды (2010 жылдан бастап тоқсан ішіндегі ең төмен көрсеткіш). Импорт көлемінің күрт тарылуы ең алдымен бағамның түзетілуі әсері есебінен орын алды. Тауарларды әкелудің төмендеуі өнімнің барлық түрі бойынша орын алды, ең көп төмендеу азық-түлікке жатпайтын тұтыну тауарларын және инвестициялық тауарларды әкелу бойынша орын алды.

Импорттың қысқару қарқындарын экспорттың төмендеуімен теңестіру 2014 жылдан бастап байқалған таза экспорт көрсеткішінің қысқаруын баяулатты – 2016 жылғы 1-тоқсанда сауда балансының профициті 2,7 млрд. АҚШ долл. болды, бұл 2015 жылғы 4-тоқсандағы көрсеткіштен 21,8%-ға жоғары (2015 жылғы 1-тоқсандағы көрсеткішке қарағанда 35,4%-ға төмендеу).

Алдын ала бағалау бойынша қаржы шоты бойынша капиталдың таза әкелінуі (Ұлттық Банктің резервтік активтерімен операцияларды қоспағанда) 2016 жылғы 1-тоқсанда 1,0 млрд. АҚШ долларын құрады (2015 жылғы 1-тоқсанда 2,6 млрд. АҚШ долл.) және негізінен портфельдік инвестициялар түрінде капиталдың әкетілуі аясында тікелей инвестициялардың әкелінуімен қамтамасыз етілді.

Тікелей шетелдік инвестициялар бойынша сыртқы міндеттемелер 2,4 млрд. АҚШ долларына, ең бастысы шетелдік инвесторлардың Қазақстан кәсіпорындарының капиталын ұлғайтуы, сондай-ақ кірістерді қайта инвестициялауы есебінен ұлғайды. Бұл ретте Қазақстан резиденттерінің шет елге тікелей инвестициялары түріндегі активтер 213 млн. АҚШ долларына азайды. Нәтижесінде тікелей инвестициялардың балансы бойынша капиталдың таза әкелінуі 2,6 млрд. АҚШ долл. (2015 жылғы 1-тоқсанда 1,4 млрд. АҚШ долл.) болды.

Портфельдік инвестициялар балансы бойынша капиталдың 2,2 млрд. АҚШ долларына тең таза әкетілуі (2015 жылғы 1-тоқсанда 0,8 млрд. АҚШ долл. тең таза әкеліну) негізінен Ұлттық қордың шетелдік активтерінің 1,7 млрд. АҚШ долларына өсуі есебінен қалыптасты.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!