Марғұлан Сейсембаев "Панама құжаттары" бойынша кез-келген соммаға жауап беремін

Фотография - Марғұлан Сейсембаев "Панама құжаттары" бойынша кез-келген соммаға жауап беремін

Кәсіпкер өз атанының тізімде жүргеніне байланысты жауабын айтты

1468 0

Қазақстандық кәсіпкер, "Сеймар" компаниясын құрушы Марғұлан Сейсембаев өз атының офшорлар бойынша ICIJ жаңартылған базасында аталғаны туралы өз пікірін білдірді, деп жазады Today.kz. Айта кетейік, берілген мәліметтерге сәйкес қазақстандық бизнесменнің төрт компанияға байланысы бар, оның ішінде біреуі қызмет атқарып тұр. Олардың барлығы Виргин аралдарының құзыретінде.

"Иә, менде офшорлы компания болды. Мен оны өзімнің халықаралық операцияларыма қолдандым. Офшорлы компанияның бары заңсыздық немесе салықтан жалтару емес. Онда Қазақстандағыдай: компанияңыз бар болса, салық төлемеуіңізге болады, немесе компанияңыз бар және барлық салықты төлейсіз. Бұл компания ҚР Ұлттық банкінде тіркеулі, ол арқылы мен Кmobile-ды сатқандағы пайдамды алдым және оның барлығын  "Альянс банк" капиталын ұлғайтуға салдым. Бұл операциялардың барлығы ағылшын сотының материалында бар, ол сатты, айта кетейін, мен ұтып шықтым. Мен өзімнің кез-келген қаржылық операциям үшін жауап бере аламын. Бес жыл соттасып жүріп, мен жария қылмаған компания мен операция қалған емес. Ол соттың барлығын ұттым. Мен мемлекеттік органда ешқашан қызмет атқармадым, ешбір тендрге қатысқан емеспін. Менің тапқан қаражатымның барлығы заңды және декларацияланған. Мен өзімнің кез-келген есепшотым турасында түсініктеме бере аламын", - пдейді Сейсембаев.

Айта кетейік, Іздеу сұранысы бойынша "Қазақстан" сөзіне ол сегіз корпаративті атау және осы компанияның 265 қызметкерін көрсетеді. Мұның алдында тізімде өз атының жүргеніне байланысты ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев түсініктеме берген болатын. Ол шетелде қазір активтерінің жоқтығын айтады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!