Сұлтанов офшорлар жайлы: Старсбург конвенциясы бойынша үлкен жұмыс атқарылуда

Фотография - Сұлтанов офшорлар жайлы: Старсбург конвенциясы бойынша үлкен жұмыс атқарылуда

Ал журналистердің жарияланған офшорлар тізімімен министр танысты ма деген сұрағын ол жауапсыз қалдырды

406 0

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлы отырысынан кейін, бірнеше қазақстандық компанияның аты жүрген "Панама құжаттары" бойынша ICIJ берген офшорлар базасы туралы түсінік берді, деп жазады Today.kz.

"Былтырғы жылы біз Старсбург конвенциясын ратификацияладық – бұл жан-жақты, стандартты конвенция. Ол бойынша ҚР салықтық мәліметтермен алмасып тұру қарастырылған. Қазір біз мәлімет алмасу бойынша өзге елдермен бірнеше екі жақты келісімдер даярлаудамыз. Бұның барлығы офшорлы есептер туралы ақпарат пен байланыс жолдарының болуына бағытталған", - деді министр.

Ал журналистердің жарияланған офшорлар тізімімен министр танысты ма деген сұрағын ол жауапсыз қалдырды.

Естеріңізге салсақ, Вашингтонда орналасқан журналистік тергеудің халықаралық консорциумы (ICIJ), офшорлар бойынша "Панама құжаттарының" мәлімет базасын жариялады. Іздеу сұранысы бойынша "Қазақстан" сөзіне ол сегіз корпаративті атау, осы компанияның 265 қызметкерін және жеті делдалын көрсетеді.

Тізімде ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен қазақстандық кәсіпкер Марғұлан Сейсембаевтың аттары болған. Мұның алдында тізімде өз атының жүргеніне байланысты ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев түсініктеме беріп, шетелде қазір активтерінің жоқтығын айтты. Ал Марғұлан Сейсембаев шетеолдік офшорларының болғанын растады және кез-келген операциясы үшін жауап бере алатындығын айтты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!