Қазақстан Дүниежүзілік банктен 1 млрд. доллар қарыз алады

Фотография - Қазақстан Дүниежүзілік банктен 1 млрд. доллар қарыз алады

Жалпы Қарыз Қазақстанға 2,5 жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда 20 жыл өтеу мерзімімен беріледі

314 0

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Макроэкономикалық басқару және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру саласындағы даму саясатын қаржыландыру бойынша бірінші кредит) ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Келісімге 2016 жылдың 17 ақпанында Астана қаласында қол қойылған.

Келісімге сәйкес, Дүниежүзілік банк Қазақстанға макроэкономикалық басқару және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру саясатын қаржыландыру үшін 1 миллиард доллар мөлшерінде қарыз береді. Қарыз қаражаты еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қолдауға және Үкіметтің экономикалық ынталандыру және экономикалық өсімге көмектесу жөніндегі стратегиялық шараларын орындауға мүмкіндік береді.

"Аталған қарыз ағымдағы жылғы бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға бағытталады. Тартылатын қарызды өтеу республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Қарыз бекітілген бюджет тапшылығы жағдайында макроэкономикалық тұрақтылықты және мемлекеттік қаржылық теңгерімділікті қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды болады", - деді ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Жалпы Қарыз Қазақстанға 2,5 жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда 20 жыл өтеу мерзімімен беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі біржолғы қарыз сомасының 0,25 пайызы, резервке қойғаны үшін комиссия жылына қарыз бойынша пайдаланылмаған теңгерімнің 0,25  пайызына тең болады.

Мәжіліс депутаттары Келісімді оң бағалап, құжатты мақұлдады. Енді заң жобасы Сенатқа жолданады.   



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!