Екі жылда бюджет тапшылығын 1%-ға дейiн төмендетемiз - Б.Сұлтанов

Фотография - Екі жылда бюджет тапшылығын 1%-ға дейiн төмендетемiз - Б.Сұлтанов

Министр бюджеттiң шығыстарын оңтайландыру бағытында үлкен жұмыс атқарылғанын атап өттi.

353 0

Бүгiн Мәжiлiстiң жалпы отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 2 жыл iшiнде бюджет тапшылығын 1%-ке дейiн төмендету жоспарланып отырғанын айтты . 

"Былтыр бюджет тапшылығы үш пайыз болды. Бiрақ бюджеттiң теңгерiмiн қамтамасыз ету мақсатында бiз осы жылы өздерiңiздiң қолдауларыңызбен (депутаттардың - авт.ескертпесi) бюджет тапшылығын 1,6 процентке дейiн төмендеттiк. Көктемде болған бюджеттi нақтылау жұмысында екi процентке дейiн көтердiк. Екi жылдың iшiнде бюджет тапшылығын 1 процентке дейiн төмендетуiмiз қажет. Осындай мақсат қойып отырмыз", - дейдi Б.Сұлтанов.

Министр бюджеттiң шығыстарын оңтайландыру бағытында үлкен жұмыс атқарылғанын атап өттi.

"Шығыстарды оңтайландыру бойынша екi-үш жылда бiраз жұмыс iстедiк. 1,5 трлн теңге қысқарттық. Қазiргi күнi бюджеттiң шығыс бөлiгi 8 трлн теңгенi құрайды", - дедi министр.


Baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!