Германия экономикасының өсу себебінің бірі - миграциялық дағдарыс

Фотография - Германия экономикасының өсу себебінің бірі - миграциялық дағдарыс

2016 жылдың алғашқы тоқсанында Германия экономикасы өсім көрсетуде

637 0

2016 жылдың алғашқы тоқсанында Германия экономикасы өсім көрсетуде. Destatis Федералды статистикалық агенттігінің көрсеткіші бойынша, бірінші тоқсанда ЖІӨ былтырғы жылдың соңғы тоқсанымен салыстырғанда 0,7% өскен, деп жазады РИА новости.

Оңды импульстар алдын ала есеп бойынша ішкі айналымнан келген. Жеке үй шаруашылықтары мен мемлкет жыл басында өз шығындарын көбейткен. Инвестиция да қосылған: бұл жайлы күн райына және құрылыс пен құрылғылар өндіруге инвестицияның айтарлықтай өскеніне байланысты. Ал сыртқы нарық тежелуде, бұған себеп импорттың экспорттан басым түсуі.

Welt басылымының жазуынша, мемлекет пен жеке үй шаруашылықтарының шығынының артуына негізгі себеп – миграциялық дағдарыс. Өсім алдын ала есеп бойынша, жеке қолдану мен мыңдаған босқындарды орналастыру мен интеграциясына жұмсалатын өкіметтік төлемдер есебінен жүруде. Яғни, үкіметтің мұндай шығындарға қаражат табуы бюджеттің өскендігін білдіреді.

Айта кетейік, Еуропа Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі миграциялық дағдарысты бастан өткеруде. ГФР ІІМ мәліметі бойынша 2015 жылы Германияға миллионнан астам босқын кірген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!