Омбыға 15,5 мың тонна қой еті экспортталды

Фотография - Омбыға 15,5 мың тонна қой еті экспортталды

Жыл басынанан бері Шарбақты ауданынан "Омский фермер" ЖШҚ-ға ай сайын төрт тоннадан қойдың еті жөнелтілуде

758 0

Шарбақты ауданында биыл "Абай" ЖШС алғаш рет Омбыға 15,5 мың тонна қой етін экспорттады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен жиында аудан басшысы Балғабай Ыбыраев мәлім етті.

- Биылғы жылдың бірінші тоқсанында қайта өңдеу объектілерімен 87,8 млн теңгеге өнім өндірілген. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда екі есеге артық көрсеткіш. Ауданда тіркелген 877 жеке кәсіпкерлік субъектісінің 645-і жұмыс істейді. Оның ішінде 663 жеке кәсіпкердің 445-і, 58 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 48-і шаруасын дөңгелетіп отыр, - дейді Балғабай Ыбыраев.

Жыл басынанан бері Шарбақты ауданынан "Омский фермер" ЖШҚ-ға ай сайын төрт тоннадан қойдың еті жөнелтілуде. Еске сала кетейік, Шарбақты ауданы Александровка ауылының "Абай" ЖШС Барнауыл қаласына 300 тоннаға жуық ет тапсырған. Өткен жылдың желтоқсан айында шаруашылық 10 мың мал басына арналған бордақылау алаңының құрылысын аяқтады. Бүгінгі күні мұнда 4 169 ірі қара мал бар. Ақбота Сейсенбаева



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!